Моңғолия премьер-министрі Оюун-Эрдэнэ «Силу Сибири-2» жақын арада салынатынын айтты.
Моңғолия премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ «Сила Сибири-2» газ құбыры құрылысы басталатын күнді шамалап айтты. Бұл құбыр Ресейден Қытайға Моңғолия аймағы арқылы өтеді. Премьер-министр Financial Times-қа берген сұхбатында бұл процесс 2 жылдан соң басталатынын айтты.
Бұл жобаның техникалық-экономикалық негізі аяқталды. Енді құрылыс 2024 жылы басталады деп болжап отырмыз. Құбырдың Моңғолиядағы нақты маршруты әлі талқыланып жатыр. Газды тасымалдағаны үшін берілетін жарна Моңғолияның COVID-19 пандемиясынан кейін қалыпқа келуіне көмектеседі,
деді Лувсаннамсрайн.
Ресей президенті Владимир Путин «Газпромға» «Сила Сибири-2» жобасын жүзеге асырудың бастапқы кезеңіне 2020 жылғы көктемде көшуді тапсырған еді. 2021 жылғы қаңтарда компания басшысы Алексей Миллер газ құбырының жобалау-зерттеу жұмысы басталғанын хабарлады.
Жобаның Ресей үшін мақсаты — қазір тек Еуропамен «байланысатын» кен орындарынан Азияға газ құбырын транзиттеуді бастау. «Силы Сибири-2» құбырының жоспарланған ұзындығы — шамамен 6,7 мың шақырым, оның 2,7 мыңы Ресей аумағы арқылы өтуі керек. «Газпром» компаниясы мәлімдеуінше, компания Моңғолия арқылы Қытайға 50 млрд текше метрге дейін газ жеткізіп, Ресейдің бірқатар өңірін газдандырады.