Қазақстанда газ қолжетімді депті. Әй қайдам, Алматының түбінде отырып, газ жүйесіне қосылмаған қаншама елдімекен бар.
Ал бұлар «Қазақстан газ қолжетімділігі жөнінен Еуропа елдері арасындағы рейтингте бірінші орынға ие болды» деп отыр, деп хабарлайды TengeLife.
Нақтырақ айтқанда, қазақстандықтар орташа айлық жалақысына 10 мың текше метр газ сатып ала алады. Елде жалақы жоғары болмаса да, РИА РЕЙТИНГКЕ кіретін еуропалық елдермен салыстырғанда, көгілдір отын бағасы төмен. Екінші орында — Ресей.
Бұл елдің тұрғындары орташа айлық жалақысына 7,6 мың текше метр көгілдір отын сатып ала алады. Алғашқы бестікте Белорусь, Люксембург, Ұлыбритания бар. Бұл елдердің азаматтары орташа айлығына 3 мың текше метр газ сатып алуға қауқарлы.
Біздің елімізде 1000 текше метр газ 62,3$ тұрса, Ресейде — 96,5$, Белорусияда 112,3$. Еуропада ең қымбат газ Швецияда. Мұнда мың текше метр газ құны 3 мың $, Данияда 2,4 мың $, ал Чехияда 2,3 мың $ тұрады.
Біздің газымыз бәлкім еуропалықтар үшін арзан көрінер, ал бізге түк арзан емес. Қыста барынша үнемдегеннің өзінде жалақымыздың едәуір бөлігін осы отын түріне төлейтініміз рас.