Газа секторындағы жағдай өте күрделі. Қазақстанның Мысыр мен Иорданиядағы елшіліктері осы аудандағы қазақстандықтармен байланыста.
Күнде жергілікті билікпен отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелерін Газа секторынан Мысырға Рафах өткізу пунктінен шығару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
СІМ ресми өкілінің айтуынша, Газа секторында 100-ден аса қазақстандық болуы мүмкін.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 67 Қазақстан азаматы бар. Олардың отбасы мүшелерін қосқанда 100-ден аса адам болады.
Қазақстаннан басқа тағы 45 елдің елшілігі осында келіссөз жүргізіп жатыр. Кейбір отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелерінің қандай да бір құжаты жоқ. Дипломаттар осы және басқа ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді пысықтап жатыр.