Палестина-Израиль қақтығысы басталғаннан бері Газа секторында қаза тапқандардың шамамен 70 пайызы – әйелдер мен балалар. БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінің бас комиссары Филипп Лаззарини палестиналық босқындарға көмектесу үшін осындай ақпаратпен бөлісті.
Лаззаринидің айтуынша, Палестинада үш апта ішінде 3,2 мыңға жуық бала мерт болды.
«Қаза тапқандардың – шамамен 70 пайызы әйелдер мен балалар», — деп мәлімдеді БҰҰ өкілі.
Оның айтуынша, Газадағы діни ғимараттар, ауруханалар, БҰҰ нысандары оққа ұшуда.
25 қазандағы жағдай бойынша ХАМАС 222 тұтқынды ұстап отыр. Олар Израиль түрмелеріндегі барлық палестиналық тұтқындардың босатылуын талап етеді. Шамамен 6 мың адам израильдік түрмелерде тұтқында.