Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы болып сайланды.
Бүгін, 26 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясы өткен болатын.
Жиын барысында ҰОК басқарушысы болып Геннадий Головкин таңдалды.
Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды,
делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.