ВВС дерегіне сүйенсек, Грекия жағалауындағы кемеде нақты қанша адамның болғаны белгісіз. Мұндай теңіз транспорты 400-ден 750-ге дейінгі жолаушыны тасымалдайтын көрінеді. Бірақ төтенше жағдай кезінде тек 104 адам ғана құтқарылған. 79-ы қаза болғандар тізіміне енсе, тағы жүздеген адам жоғалғандар қатарында.
Аталмыш кеменің теңіздегі қозғалысын Грецияның жағалау күзеті оқиға болардын бұрын байқаған. Тіпті жолаушылардың үстінде қауіпсіздік киімдері де болмапты. Осылайша спутник арқылы байланысқа шыққан күзет қызметі көмек қолын созуға ұсыныс тастайды. Бірақ ондағы азаматтар қажет емесін айтып, Италияға барып тоқтайтынын түсіндірген. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін кеме апатқа ұшырап отыр.
Грек билігі бұл апаттың ең ірі қайғылы жағдай екенін тіркеп, елде 3 күнге жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.