Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның туысына үкім шықты

Грузияда қайтыс болған Қазақстан азаматы Әсел Айтбаеваның ісі бойынша айыпталушы Мұрат Мейірбековке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Айыпталушы «Зорлау» және «Адам саудасы» баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табылды. Сот Мұрат Мейірбековке баптар бойынша максимал жаза белгіледі.

Мейірбеков Мұрат Бақытұлы Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігінде («Зорлау» — Ескерту), 128-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында («Адам саудасы») көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын.

Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі бойынша 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 128-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейтін ішінара толықтыру арқылы 15 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мейірбековтың жазасы 2021 жылғы 15 мамырдан бастап қамауға алу мерзімін ескере отырып, 1 тәулікке 1 тәулік есебімен үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептелсін,

деді судья.

Сонымен қатар, сот айыпталушыға қойған азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандырды. Мұрат Мейірбековтен моральдық шығынды өтеу ретінде марқұмның анасы мен әкесінің пайдасына 5 миллион теңгеден өндіріледі.

Мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы бойынша, сот оннан аса адам қатысатын жиын өткізе алмайды. Сондықтан іс бойынша үкімді жариялау онлайн-форматта өтті.

Еске салайық, 2021 жылғы 5 мамырда Қазақстан азаматы Әсел Айтбаева Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Грузия прокуратурасы қыздың зорланғанын мәлімдеді. Қылмысқа күдікті – 56 жастағы Бесик Тордуа ертеңіне ұсталды. Оған зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелегені үшін 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнді. Дегенмен 15 шілдеде Тордуаның түрме ауруханасында қайтыс болғаны белгілі болды. Өлімнің болжамды себебі — ми инфаркті.

Грузияның бас прокуратурасы тағы бір адамға – Әселдің алыс туысы Мұрат Мейірбековке сырттай айып тақты. Нұр-Сұлтан полициясы оны 2021 жылғы 16 мамырда ұстады. Мұрат Мейірбековке Грузияға жұмысқа орналастырамын деген желеумен қызды пайдалану мақсатында онымен мәміле жасап, абайсызда өліммен аяқтады деген айып тағылды. 7 маусымда істе «Зорлау» бабы бар болғандықтан, сот процесі баспасөзге жабық күйінде өтетіні белгілі болды.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, Әсел қайтыс болар алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны айтылады. 

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago