Депутат Абзал Құспан өте өзекті мәселені көтерді.
7,5 миллион қазақстандықтың қарызы өтелмеген.
Бұл елдегі экономикалық белсенді халықтың 77% пайызын құрайды
«Жаңа Қазақстан» сөз тіркесі трендке айналып, халық арасында жаппай қолданысқа еніп кетті. Алайда Жаңа Қазақстанды жылтырақ сөзбен жаңғыртып, құра алмаймыз. Бұл – анық. Оған нақты іс керек, шұғыл халықшыл шешімді талап етеді.
Тake-profit.org биржалық порталында Қазақстан Ұлттық банкінде жылдық пайыз мөлшері 16,75 % екені көрсетілген. Бұл – 159 елдің ішінде 143 орыннан көрінуге септігі тиді.
Әлемнің озық елдерін саралайтын болсақ, Кореяда – 3,5%, Қытайда – 3,65%, Германия, – 3.75%, Англияда – 4,25%, Канада – 4,5%, АҚШ-та 5,25% пайыз деңгейінде белгіленген.
Өзбекістан Ұлттық банкінің пайыздық мөлшері 14% пайыз құраса, Қырғызстанда – 13, Тәжікстанда – 10%, Әзірбайжанда 9% пайыз деңгейінде.
Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігіндегі шағын аралдарда орналасқан Фиджидегі банктер пайыздық мөлшері 0,25% пайызды құраса, Камбоджада 0,88% пайыз екен.
Сонда жерінің асты байлыққа тұңған Қазақстан халқы кредитті 16,75% пайыз мөлшерінде неге алады? Бұған не себеп?
Сарапшылардың айтуынша, пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы нарықтағы тауарлар мен қызмет бағасының негізсіз өсуіне әкеп соғады. Олай болса, елдегі қымбатшылыққа банктер де жауапты деген сөз.
Біздің «ВТБ Банк» мен «Bereke bank» АҚ жылдық пайыздық ставкасы 21,5%, «Банк ЦентрКредит» АҚ – 23,6% пайыз, «Еуразиялық банк» АҚ – 23,7% пайызды, «Kaspi bank» АҚ – 24,4% пайыз, Home credit bank» АҚ 28,5% пайыз көлемінде кредит береді. Бұған банктердің сахтандыру және тағы басқа міндеттерін қосыңыз. Сонда тұтынушылар кредитті 4-5 жылға рәсімдеған жағдайда банктке қарызды екі-үш есе қосып қайтарады.
Бұл -дегеніңіз халықты қанаумен тең ғой. Шын мәнінде, Ұлттық банк жылына 56% пайыздан аспауы керек деген шектеу халықшыл шешім емес. Бұл – халықты тығырыққа тірейтін шешім.
Соның салдарынан ипотекалық және автокредиттер 25% пайызға дейін, ал қарапайым адамдар алып жатқан кепілсіз кредит 56% пайызға дейін көтеріп, халықтың белшесінен қарызға батырып отыр.
Енді қарызға белшесінен батқан халық мемлекет кредитті кешіреді екен деген әңгімеге сеніп жүр…
2020 жылы 392 мың адам 90 күннен аса уақытта кредитін төлемесе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 421 мың адамға жетті. 2022 жылы 534 мың адам уақытылы кредитін өтей алмағаны белгілі.
Ал, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ның 2023 жылдың сәуір айында жүргізген статистикаға сай, 7,5 миллион қазақстандықтың қарызы өтелмеген, бұл елдегі экономикалық белсенді халықтың 77% пайызын құрайды. Елдің 1,5 миллион тұрғыны несие бойынша төлемді 90 және одан көп күнге кешіктіріп төлеген.
Ал осы жылдың 1-ші сәуіріндегі мәлімет Қазақстандықтардың несиелері 30% пайызға-7.7 трлн теңгеге өскен. Яғни, 822 мың адам қарызданушылар.