Шілденің бірінші онкүндігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, атап айтқанда, әлеуметтік желілерде наразылықтың күрт өсуіне себеп болды, деп атап өтті ALEM RESEARCH сарапшылары.
Бұл ретте кез-келген салада наразылықтың ең жоғары деңгейі аймақтан тыс деңгейде байқалады. Яғни, халықтың наразылығы жеке бір аймаққа байланбаған және көбіне орталық биліктің жұмысына қатысты. Алайда, шілденің бірінші онкүндігінде ТКШ саласы бірегей тақырып болды. Маусымның бірінші онкүндігімен салыстырғанда бұл саладағы наразылықтар шамамен 10%-ға өсті.
Алматылықтарға себеп қажет емес
БАҚ пен әлеуметтік желілердің мониторингтік кесіндісінің нәтижелері көрсеткендей, Алматыда негативті өрбітуге басқа өңірлермен салыстырғанда белсенділер саны көбірек қатысты. Бұл ретте, егер әр өңірде халықтың наразылығын тудыруға екі-үш, кейде тіпті одан да көп оқиға себеп болса, Алматыда бір ғана оқиға себеп болды. Алматы әкімдігі бастауыш мектептердің тапшылығы мәселесін филиалдарды тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарына орналастыру есебінен шешуді ұсынды.
Мұндай ұсынысқа көпшілік ашумен жауап қатты. Әкімдікке мәселенің мұндай шешімі барлық нормаға ғана емес, жалпы сау ақылға сай емес екендігі айтылды. Бірақ бұл тақырыпты, шын мәнінде, тек екі аккаунт барынша өрбітті, ал қалғандарына өз наразылығын білдіру үшін сылтау қажет болмады.
Нүктелі құрылыс, жасыл желектерді суару, қоғамдық көлік, жолдардың сапасы, бордюрлерді ауыстыру, Алматытелеком және т.б. Жалпы, Алматы үшін мәңгілік деп атауға болатын тақырыптар.
Инста ең тиімді әлеуметтік желі ретінде
ТКШ саласындағы проблемалар фейсбуктің қазақстандық сегментінде неғұрлым көп талқыланды, алайда белсенділер саны аз болса да Instagram талқылау бойынша бірнеше есе көп талқылау көрсетті.
Алайда, ALEM RESEARCH әлеуметтік желілердің тиімділігі аймаққа байланысты әр түрлі болады дейді. Мысалы, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент тұрғындары ФБ-ны артық көреді, Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындары наразылығын білдіру үшін Instagram-ды көбірек пайдаланады, СҚО мен Жамбыл облысында You Tube көбірек танымал, ал Атырау мен Ақтөбе облыстары Telegram-ды таңдайды.