2022 жылы халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы айына 154 мың теңге болса, медианалық табыс – 63 мың теңгені құрады.
2023 жылдың маусым айында орташа айлық табыс аздап өсіп, 174 мың теңгеге жетті. Бірақ, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы деректер бойынша, халықтың жан басына шаққандағы табысының 90 пайызы орташа есеппен айына 151 мың теңгеден аспайды.
Халықтың ең бай және кедей топтары арасындағы табыстың ең төменгі айырмашылығы Маңғыстау және Атырау облысында байқалған. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, ал халқы ең көп өңірлер: Түркістан, Қызылорда, Шымкент.
Іnformburo.kz жазуынша, халықтың барлық кірісінің төрттен бір бөлігі (24,3%) бай адамдардың үлесіне тиеді (151,3 мыңнан 2,97 млн теңгеге дейін).