Сарапшылардың зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың шығыны бір жылда рекордтық 17%-өскен.
Бұл соңғы жылдардағы ең көп өсім көрсеткіші, деп хабарлайды Вестник Кавказа.
2022 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың шығыстары жан басына шаққанда 219,7 мың теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде халықтың шығыны жан басына шаққанда 188,2 мың теңге болып, өсім жылына 6,7%-ды құраған еді.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, ең көп шығын Алматыда тіркелген. Жан басына шаққанда 319,6 мың теңгені құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19,7%-ға артық. Ақшаны ең көп жаратқан өңірлер арасында Қарағанды (275,3 мың теңге, жылына 15%) және Нұр-Сұлтан (266,2 мың теңге, жылына 14,9%).
Ең төменгі көрсеткіштер Шымкентте байқалды. Бар болғаны 158,2 мың теңге, жылына 6,7%. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 28%-ға төмен.
Халық қаражатының 91,9% -ы күнделікті тұтыну өнімдеріне кетеді. Оның ішінде азық-түлік тауарларына -109,9 мың, азық-түлік емес тауарларға – 53,2 мың, ақылы қызметтерге – 38,8 мың теңге жұмсалады.