Categories: Экономика

Халықтың тамаққа жұмсайтын шығыны көбейді

Сарапшылардың зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың шығыны бір жылда рекордтық 17%-өскен.

Бұл соңғы жылдардағы ең көп өсім көрсеткіші, деп хабарлайды Вестник Кавказа.

2022 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың шығыстары жан басына шаққанда 219,7 мың теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде халықтың шығыны жан басына шаққанда 188,2 мың теңге болып, өсім жылына 6,7%-ды құраған еді.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, ең көп шығын Алматыда тіркелген. Жан басына шаққанда 319,6 мың теңгені құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19,7%-ға артық. Ақшаны ең көп жаратқан өңірлер арасында Қарағанды (275,3 мың теңге, жылына 15%) және Нұр-Сұлтан (266,2 мың теңге, жылына 14,9%).

Ең төменгі көрсеткіштер Шымкентте байқалды.  Бар болғаны 158,2 мың теңге, жылына 6,7%. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 28%-ға төмен.

Халық қаражатының 91,9% -ы күнделікті тұтыну өнімдеріне кетеді. Оның ішінде азық-түлік тауарларына -109,9 мың, азық-түлік емес тауарларға – 53,2 мың, ақылы қызметтерге – 38,8 мың теңге жұмсалады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago