Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда үш күннен бері жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр. Халық шенеуніктерді сыбайлас жемқорлыққа және Моңғолия бюджетінің ең үлкен кіріс көзі – көмірді жеткізуге қатысты алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Наразылық білдірушілер үкімет үйін басып алуға тырысты, дегенмен біраздан соң өз еркімен қала орталығын босатты.
Митиңгіге не себеп болды?
Жаппай наразылық 4 желтоқсанда басталған. Оған «12,9 млрд доллар болатын көмірді ұрлады» деген ақпарат себеп болды. Қарашаның ортасында Моңғолияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі 30-дан астам шенеунік, соның ішінде «Эрдэнэс Таван-толгой» мемлекеттік көмір өндіруші компаниясының бас директорының қаржы жымқырды деген айыппен тексеріліп жатқанын хабарлады.
Ал Моңғолия депутаты Тогмидын Доржханд парламентте өткен баспасөз мәслихатында 2013 жылдан бері Қытайға Моңғолия кеденінде тіркелмеген 6,4 миллион тонна көмір жеткізілгенін айтты.
Ел астанасына жиналғандар осы іске қатысты тергеу жұмысы дұрыс жүргізілмей жатқанын алға тартады. Олар қала орталағына жиналып, көмір ұрлығы ісін егжей-тегжейлі тексеруді, оған қатысы барлардың аты-жөнін ашық айтуды және қатаң жазалауды талап етті.
Митиңгінің алғашқы күнінде жиналған жұрт үкімет үйіне басып кіруге тырысқан. Алайда қауіпсіздік күштерінің тойтарысынан соң кері шегінді.
Десе халық наразылығын тоқтатпады. келесі күні адамдар қолына «Үнсіз қалуды доғарайық», «Менің болашағымды ойла», «Халықты тонауды доғарыңдар» деген жазуы бар плакаттарды ұстап шыққан. Оған қоса орталық көшелермен жүріп, «Конституциямен бекітілген құқығымыз бен бостандығымыз жыл сайын шектеліп жатыр, өміріміз нашарлап барады» деп ұрандатқан.
Үкімет не дейді?
Моңғолия парламентінің спикері Гомбожавин Занданшатар көмір ұрлығына қатысы барлардың барлығы қатаң жазаға тартылатынын айтты. Кездесуде 2020-2022 жылдар аралығында Моңғолия шекарасы арқылы өткен көмірді экспорттау туралы келісімдерді, сондай-ақ алынған кірістерді зерттейтін ашық форматта тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.
bne IntelliNews сайтының хабарлауынша, Моңғолия үкіметі елдегі жағдайды үш рет талқылап, мемлекеттік «Эрдэнэс Тавантолгой» көмір компаниясына қатысты тексеріс бастаған. Наразылармен диалог жүргізетін жұмыс тобы да құрылған.
Қазіргі таңда 15-ке жуық шенеунікке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Үкіметтің, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері үкіметтің шағымы негізінде тексеріліп жатыр,
деп келтіреді ТАСС Моңғолия үкіметінің баспасөз хатшысы басшысы Дашзегвийн Амарбаясгаланның сөзін.
Алайда Моңғолияның Ұлы Құралы қазіргі уақытта Ұлан-Батырда өтіп жатқан наразылықтарға байланысты елде төтенше жағдай енгізудің қажеті жоқ деп шешті.
Әлемнің көптеген басқа елдеріндегідей Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Моңғолияда инфляция күрт өсіп, 15,2%-ке жетті.