Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС толығымен жеңілгенше атысты тоқтатпайтынын айтты. Бұл туралы Euronews хабарлады.
Израиль премьер-министрі бұл қақтығыста АҚШ-тың саясатын ұстанатынын жеткізді.
АҚШ Перл-Харбордағы бомбалаудан кейін немесе 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдан кейін бітімге келмегені сияқты, Израиль де 7 қазандағы жан түршігерлік шабуылдардан кейін Хамасқа қарсы соғыс қимылдарын тоқтатуға келіспейді.
Атысты тоқтатуға шақыру — Израильді Хамасқа, лаңкестікке, жабайылыққа берілуге шақыру. Киелі кітапта бейбітшілік пен соғыс уақыты бар делінген. Қазір соғыс уақыты,
деді Израиль премьер-министрі.
Нетаньяху Газа секторындағы қаза тапқандар санының жоғары болуына ХАМАС-ты кінәлады.
Бірде-бір бейбіт тұрғын өлмеуі керек еді, ХАМАС адамдардың қауіпсіз аймақтарға кетуіне рұқсат бермей отыр,
деді Нетаньяху.