Танымал әнші Мадина Сәдуақасова тойда ыңғайсыз жағдайға қалды. Белгісіз ер адам әншінің бетінен оның еркінен тыс сүйіп алады.
Желіде Мадина Сәдуақасова сахнада өнер көрсетіп тұрған видео тарады. Роликке зер салсақ, оқиға тойда болып жатқан сияқты, онда Мадина шақырылған әртіс ретінде өнер көрсетіп жатыр.
Желіде Мадина Сәдуақасова образда сахнада өнер көрсетіп жатқан видео тарады. Бейнероликке сүйенсек, оқиға Мадина әртіс ретінде шақырылған тойда болып жатыр. Хиттерін орындау кезінде белгісіз ер адам сахнаға шығады. Шамасы, тойдың қонағы жүз грамм ұрттап алса керек, бар батылдығын жинап, танымал әншіні құшақтап, бетінен шөлпілдетіп сүйіп алады.
Әлбетте, бұл оқиға камералардың назарынан тыс қалмады. Қонақтардың түсірген кадрларынан ер адамның бұл әрекеті Мадина Сәдуақасоваға ұнамағанын байқауға болады. Шоу-бизнес жұлдызы өз ашуын қалай жеткізерін білмей, тек жағымсыз эмоциясын ғана білдіре алған. Абырой болғанда, жанында тұрған адамдар әншінің наразы көзқарасын байқап, ер адамды сабырға шақыруға тырысқан.
Ер адамның бұл жағымсыз әрекеті Желі қолданушыларының да, қоғам белсенділерінің де назарынан тыс қалмады. Атап айтқанда, #Немолчикз зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ер адамның бұл әрекеті жазасыз қалмау керек деп есептейді. Ол #Немолчикз парақшасында Мадина Сәдуақасованы белгілеп, оны ер адамның үстінен арыз жазуға шақырды. Айтуынша, мұндай оқиғаларды қоғам назарына шығарып, заң жүзінде тыйым салмаса, харрасмент жалғаса бермек.
Бұл харассмент деп аталады, бұл күлкілі емес. Бірақ қазақстандықтарды бұл күлдірді. Полицияға арыз жазып, іс қозғату керек. Адамдарды жеке шекараны сақтауға үйрету керек. Егер әркім келіп сүйіп, тиісіп, құшақтап, автобуста жабысып тұрса әрі қарай да күліп жүре береміз бе?»,
деп жазды Дина Таңсәрі.
Алайда, қоғам қайраткерімен келіспеген адамдар да болды. Кейбірі әншілер осы үшін ақша алады деген де пікірлер жазған. Бұл да қоғам қайраткерінің ашуына тиді.
Мен осы тақырыпты талқылауға шығарамын. Мен пікірде бір ханыммен дауласып қалдым, бірақ «төленді ме, шыдасын» дейтін, әншілерді төмен сұрыптағы адамдар деп санап, мейрамханада ән айту алымсақтыққа сұрану деп ойлайтын адамдар әлдеқайда көп сияқты,
деп жазып, оқырмандарын талқылауға шақырды.