ІІМ айыппұлға 50 пайыз жеңілдік жасауды алып тастамақ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін автокөлік жүргізушілерін де, жаяу жүргіншілерді де қатаңдату шаралары туралы айтты.

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі қатаңдату бөлігінде биыл ғана Әкімшілік кодекстің сегіз бабына өзгерістер енгізілгенін айтты.

Баптарды қатайттық. Бұл, ең алдымен, жалған нөмірмен, нөмірсіз көлік жүргізуге, сондай-ақ жазатайым оқиғаларға әкелетін жағдайларға арналған. Алдағы уақытта, мәселен, жүргізуші бір жыл ішінде жол ережесін бес реттен артық бұзса, 50 пайыздық жеңілдікті алып тастаймыз. Себебі айыппұл оны тәртіпке салмайды екен,

деді Жандос Мұраталиев.

Жол қозғалысы ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге де осындай шара қолдану ұсынылып отыр. Оның айтуынша, қазір Астана, Алматы сияқты қалаларда, облыстарда жаяу жүргіншілердің көшеден өтуіне барлық жағдай жасалған. Дегенмен, 50 метр жерде жерүсті немесе жерасты өткелі болса да, жолды көрінген жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілер әлі де бар.

Бұл жағдайда 2 АЕК көлемінде айыппұл салуымыз мүмкін. Жүргізушілерге қатысты да шара қолданатын шығармыз – егер жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден бірінші рет кесіп өтсе, оған ескертіледі, екінші жағдайда оған әкімшілік айыппұл салынады, үшінші жағдайда айыппұл төлеуге 50% жеңілдік бермейтін шаралар қолданылады,

деді Жандос Мұраталиев.

Мұраталиев тиісті түзетулердің парламент депутаттарының қарауына жіберілгенін айтты. Оның пікірінше, жолдардағы тәртіпті тек әкімшілік шаралар ғана қалпына келтіре алады.

Сонымен қатар, комитет басшысының орынбасары қазір Сауда министрлігі скутерлер үшін әзірленген стандарт негізінде «Жол қозғалысы туралы» заңға және жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізіліп жатқанын қосты.

Содан кейін скутерлерге де әкімшілік айыппұл қолданылады. Әзірге олар «көлік жүргізушісі» ретінде емес, «жол қозғалысына қатысушылар» ретінде жазаланады.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago