Сүйінші Илон Маскпен жарқын жақта өмір сүреміз!
Алдағы уақытта SpaceX американдық компаниясы Қазақстандағы шалғай ауылдарды жылдам интернет жүйесімен қамтамасыз етеді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің сөзінше, еліміздегі бұл мәселені шешу үшін әлемдік компанияға жүгінген дұрыс. Себебі Қазақстанда ондай мүмкіндік жоқ.
Шыны керек еліміздің ірі қалаларында жүріп, межеден алыстап кетсең интернетсіз қаласың. Ал ауылдың жағдайы айтпаса да түсінікті. Бұған Түркістан облысының мұғалімдері тау-тасты жағалап, интернет іздеп жүргені дәлел болған.
Өзіміз бірнәрсе ойлап тапқанша, осылай өзгелер ойлап тапқанды қолданған әлдеқайда тиімді, отандық компаниялардың қолынан түк келмейді.
Алайда, бұл инвестиция не үшін керек? Қарапайым халық астарында не жатқанын білмейді.