Бұл туралы ол сейсенбі күні 16 тамызда Twitter-дегі парақшасында жазды.

Сондай-ақ мен «Манчестер Юнайтед» клубын сатып аламын, рақмет айтудың қажеті жоқ,
деп жазды кәсіпкер.
SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаған америкалық кәсіпкер Илон Маск ағылшынның «Манчестер Юнайтед» футбол клубын сатып алуға ниетін осылайша білдірді.
Алайда кәсіпкердің сөзі қаншалықты шындыққа сай екені әлі белгісіз. Мүмкін Маск осылайша өзінің оқырмандарын әзілмен еркелетпек болған шығар.
2005 жылдың мамыр айынан бастап аталмыш футбол клубының 1,47 миллиард долларға бағаланған пакеті американдық кәсіпкер Малкольм Глейзерге тиесілі.
«Манчестер Юнайтед» — әлемдегі ең танымал және табысты футбол клубтарының бірі. Команда өз тарихында Ағылшын Премьер-лигасында 20 рет жеңіс тұғырына көтеріліп, 3 рет Еуропа кубогының жеңімпазы атанған.
Ал кеше, 16 тамыз күні Илон Маск Twitter-ді иелену бойынша сотта жеңіске жеткені белгілі болды.