Илон Маск Ресей мен Украинаға шешім ұсынды

Масктың пікірінше, қақтығыс Қырымның Ресейдің бір бөлігі болып қала беруімен аяқталуы мүмкін, ал Ресей басып алған аймақтарда БҰҰ бақылауымен референдумды қайта өткізу керек. Кәсіпкер мұндай мәлімдемені өз Twitter парақшасында жасады.

Алғашқы қадам ретінде Маск жақында Ресейге қосылған аумақтарда БҰҰ бақылауымен референдумдарды қайта өткізуді ұсынды.

Масктың пікірінше, болашақ келісімдер аясында Украина Қырым түбегін сумен қамтамасыз етіп, өздері бейтарап мәртебені сақтап қалуы керек. Ал Қырым Ресейдің құрамына кіруі керек. Себебі 1954 жылы Украина КСР-нің юрисдикциясына берген Хрущевтің қателігіне дейін Қырым 1783 жылдан бері Ресей құрамында болған.

Сонымен қатар, ол, «егер ядролық соғыс басталып кетпесе, бәрі соған келе жатыр» деп есептейді, тек «оған дейін қанша адам өлуі керек» деген сұрақ қояды.

Айта кетейік, Ресей Федерациясымен қайта қосылу туралы референдумдардың нәтижелері 27 қыркүйекте белгілі болды. ДХР-да бұл бастаманы 99,23%, ЛХР-де – 98,42%, Запорожье облысында – 93,11%, Херсон облысында – 87,05% қолдады.

Айта кетейік, Ресей Федерациясымен қайта қосылу туралы референдумдардың нәтижелері 27 қыркүйекте белгілі болды. ДХР-да бұл бастаманы 99,23%, ЛХР-де – 98,42%, Запорожье облысында – 93,11%, Херсон облысында – 87,05% қолдады.

28 қыркүйекте Ресей СІМ референдумдар халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес өткенін хабарлады. Референдумдардың барысын бақылаған Венесуэла, Италия, ГФР, Латвия және басқа елдердің (барлығы 133 адам) бақылаушылары да олардың нәтижелерін заңды деп таныды.

30 қыркүйекте Кремльде осы аумақтардың Ресей Федерациясының құрамына кіруі туралы шарттарға қол қою рәсімі өтті. 3 қазанда Мемлекеттік Дума шарттарды ратификациялады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago