Илон Маскті жолда қалдырған кім? Әлемнің ең бай адамы аталды

Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар рейтингіндегі бірінші орыннан түсіп қалды.

Forbes және Bloomberg мәліметінше, енді ғаламшардағы ең бай адамдар арасында LVMH люкс тауарлар компаниясының басшысы Бернар Арно көш бастады.

Бернар Арно

Forbes дерегіне сүйенсек, Масктің дәулеті қазір 178 млрд долларды құрайды. Ал Арноның жалпы байлығы 188 млрд долларды құрады.

LVMH — француздық сәнді бұйымдар конгломераты. Компания 1987 жылы Louis Vuitton және Moët Hennessy сән үйлерінің бірігуі нәтижесінде құрылды. Қазіргі уақытта ол 75 люкс брендін біріктіріп отыр. 2021 жылы LVMH Еуропадағы ең құнды компания болып танылды. Кәсіпкерлікті Арноның отбасы басқарып келеді.

Маск Forbes журналының миллиардерлер тізімінде алғаш рет 2021 жылдың көктемінде көшбасшы болған. Сол кезде оның таза дәулеті 219 млрд долларға жетіп, Amazon негізін қалаушы Джефф Безосты екінші орынға ығыстырған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago