Қызылордалық ауыр атлет, олимпиада жеңімпазы Илья Ильин екінші рет отбасын құрды.
Спортшының бұл жолғы таңдауы астаналық кәсіпкер — Татьяна Гордиенко. Ол елордада бренд өнімдер интернет дүкенінің және фитнес клуб, косметологиялық салон иесі.
Махаббатқа, шексіз бақытқа және ең жақсы адамға «иә» дедім,
деп жазды спортшының жұбайы әлеуметтік желіде.