Жаңа заң Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулердің бір бөлігі. Олар үш жылдан кейін ғана күшіне енеді және президентті қорлауға және мемлекеттік идеологияға қарсы мәлімдемелер айтуға тыйым салуды қамтиды. Бұл туралы BBC News порталы жазды.
Артқа шегіну
Осы аптада наразылық білдірушілер Джакартадағы парламент ғимаратында шағын митингілер өткізді.
Үкімет адамдардың азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға, экономика мен мәдениетке назар аударуы керек, олар осыған байланысты заңдар қабылдауы керек еді. Оның орнына олар демократиялық емес, біздің жеке өмірімізді бақылайтын және қоғамдық мүдделерімізді қорғамайтын заң қабылдады. Еліміз үшін бұл артқа шегіну,
деді наразылық білдірушілердің бірі Reuters агенттігіне.
Кодекс некеге дейінгі жыныстық қатынас пен некеге дейін бірге тұруды заңсыз ететін бірнеше «адамгершілік туралы» заңдарды қамтиды. Оның ережелері индонезиялықтарға да, елдегі шетелдіктерге де қатысты болады.
Құқық қорғау топтары жаңа заңнама елдегі әйелдер, ЛГБТ және этникалық азшылықтардың құқықтарын шектейді деп есептейді.
Некесіз жыныстық қатынасқа түсті деп әйелі немесе күйеуі заңға жүгіне алады. Кінәсі дәлелденген болса тоғыз айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Үйленбеген адамдар бірге тұрып жатыр деп ата-аналары хабарлай алады.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, жаңа кодекс саяси сөз бостандығын және діни бостандықты шектейді.
Жаңа нұсқада құдайға тіл тигізу туралы алты заң пайда болды, оның ішінде діннен бас тарту деген де бар. Тәуелсіздік алған жылдардан бері алғаш рет Индонезия кәпір болу туралы шешімді заңсыз деп тапты.
Туризмге үлкен соққы
Диффармация туралы жаңа баптар президентті немесе вице-президентті қорлауды заңсыз деп тауып, бұл үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дайын. Және ұлттық идеологияға қайшы келетін пікірлер де айыпталатын болады. Кодекстің алдыңғы нұсқасында мемлекет басшысын қорлауға тыйым салу туралы жеке ереже болған жоқ, бұл істер жала жабу туралы заңдар аясында қаралды.
Сейсенбіде Human Rights Watch адам құқықтарын қорғау ұйымы жаңа кодекстің ережелерін қатаң сынға алды. HRW Азия директоры Хелен Пирсон BBC-ге берген сұхбатында заманауи мұсылман демократиясы ретінде көрсетуге тырысатын ел үшін артқа құлдырау деп атады.
Human Rights Watch Азия бөлімінің қызметкері Фил Робертсон жаңа заңдар елге, әсіресе әйелдердің жағдайына қатты әсер ететінін айтты:
Менің ойымша, бұл Индонезия туризміне үлкен соққы болады. Мен қазір конференцияда Балиде жүрмін және мен тұрған қонақүйдегі адамдар да бұған алаңдаушылық білдіруде. Бұл жаңалық халықаралық бизнес қауымдастығын да алаңдатып қойды, өйткені бұл Индонезияға түсетін халықаралық инвестицияларға да әсер етуі мүмкін. Егер некеге дейін жыныстық қатынас үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілсе, бұл елдегі әйелдерге әсер етеді, өйткені кез келген некеден тыс жүктілік полицияға хабарланса, автоматты түрде қылмыс болып саналады.