Үйсіз, далада қалғандарды алдап соққан пирамиданың бірі – QazHome тұтынушылар кооперативі екен.
300-дей адамды тартқан, соның 35-і ғана полицияға арыз жазыпты. Қаржы мониторингі агенттігі тергеу кезінде кооперативтің осы 35 адамнан 50 млн теңгедей ақша иемденгенін анықтап отыр, деп хабарлайды Қаржылық Сауат.
Бұл кооператив туралы Instagram-дағы жарнамадан білдім. «Пайызсыз үй, көлік алуға болады» деген жарнамаға сеніп, осы кооператив арқылы екі бөлмелі пәтер алмақ болдым. Сөйтіп, үш жыл бойына жинап жүрген ақшамды банктегі депозитімнен шешіп, шот ашып, осы кооперативке салдым.
Аяғында не үй, не ақша жоқ. Қазір «времянка» жалдап тұрып жатқан жайым бар. Көпшілігіміз күнкөріс қамымен ауылдан қалаға келгенбіз. Арамызда пәтер жалдап тұратындар көп. Екі-үш жерде жұмыс істеп, балаларымыздың аузынан жырып жинаған ақшамызды қайтарып ала алатынымызға да сене алмай отырмыз,
деген зардап шегушінің сөзін aikyn.kz жариялап отыр.