Иран Қазақстан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізеді.
2022 жылғы 11 қарашадан бастап Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізіледі. Бұл біздің азаматтарымызға Иран аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Иран Ислам Республикасы визасыз режимді екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін енгізіп отыр.
Қазақстандықтар 6 ай бойы Иранда үш рет 14 күн визасыз жүре алады. Бірақ үш айда Иранда 42 күннен артық болуға рұқсат жоқ.
Бұған дейін Қазақстанда Иран, Қытай мен Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізілген болатын. Олар да екі апта визасыз жүре алады.