Иран билігі хиджаб кию заңын қайта қарауға уәде етті

Иран билігі хиджаб киюді міндеттейтін заңды қайта қарайды. Әйелдердің дресс-кодымен байланысты екі айға созылған наразылықтан кейін Тегеран осылай деп мәлімдеді. Аталған заң әйелдерді қоғамдық орындарда орамал тағып жүруге міндеттейді.

Парламент те, сот органдары да осы мәселемен айналысады,

деді Иран бас прокуроры Мұхаммад Жапар Монтазери.

Алайда билік заңды қалай өзгертетінін айтпады. Бас прокурор «өзге жаңалықтарды бір-екі аптадан кейін сарапшылар тобының баяндамасы дайын болған соң естисіздер деді.

Иранда 1983 жылдан бері әйелдерді хиджаб киюге міндеттейтін заң жұмыс істейді. Алайда қоғамда бұл мәселеге қатысты ортақ ұстаным жоқ. Консервативтік және реформашыл топтар арасында үнемі қызу талқылау жүріп жатады. Консервативтік топ өкілдері хиджаб киюді міндеттеуді жақтаса, ал реформашыл топ өкілдері хиджаб мәселесін әйелдердің өзі шешуі тиіс деп санайды.

Қыркүйек айында Иран реформистік партиясы хиджаб киюді міндеттейтін заңның күшін жоюға шақырған.

4 желтоқсанда бас прокурор Монтазери «әдеп полициясының» да таратылғанын да мәлімдеді. 22 жастағы құқық қорғаушы Махса Әминидің өлімі дәл осы полиция бөлімі қызметкерлерінің әрекетімен байланысты.

Аталған бөлімнің «әділ сотқа қатысы жоқ» деді бас прокурор.

Иранда наразылық қыркүйек ортасында Махса Әминидің қазасынан кейін тұтанған. Полиция оны көшеде хиджабты дұрыс кимегені үшін ұстаған. Туыстарының айтуынша, 16 қыркүйекте Әмини ауруханада ауыр соққы салдарынан қайтыс болған. Ал билік марқұмның аурудан көз жұмғанын айтты. Әмини өлімінен кейін Иран қалаларында жаппай наразылық тұтанып, әйелдер қарсылық ретінде шашын қырқып, хиджабтарын өртей бастады. Наразылар әйел құқығын қорғауды, полиция озбырлығын доғаруды, Иранды демократияландыруды, үкіметті отставкаға жіберуді талап етті.

Ақпаратқа қарағанда, наразылық кезінде 200-ден астам адам қаза болған. Құқық қорғаушылар кемінде 469 адамның өлтірілгенін мәлімдеді. 64-і – кәмелетке толмаған жасөспірім. ​

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago