Иран ұлттық құрамасының экс-футболшысы Али Даеи өлім жазасына кесілді.
Ұлттық құрама тарихындағы ең үздік бомбардир қыркүйек айының басында қаза тапқан 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты наразылық акцияларына қатысқан.
Шетелдік БАҚ қазір қамауда отырған Даеиден басқа тағы 15 мың адам өлім жазасына кесілгені туралы хабарлады.
Ол Иран үкіметін қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық және қамауға алуды жалғастырудың орнына Иран халқының мәселелерін шешуге шақырған. Осы жазбасы Instagram желісінде жарияланғаннан кейін оның төлқұжаты тәркіленген көрінеді. Футболшы қазан айының басында Саггыз қаласында ұйымдастырылған акцияға қатысқаны үшін ұсталып, кейін түрмеге жабылды.
Криштиану Роналду оның рекордын жаңартқанға дейін Даеи ұлттық құрама тарихындағы ең үздік бомбардир болды. Ирандық шабуылшы ұлттық құрама сапында 149 матч өткізіп, 109 гол соққан.
Бавария (Германия) клубы өзінің ресми сайтында бұрынғы футболшылары Али Даеи мен Али Каримидің тағдырына алаңдаушылық білдірген.
Біз Германияның Ирандағы елшілігімен байланысып, қолдау көрсетуге дайын екенімізді білдірдік. Біз бұл мәселені назарда ұстаймыз,
деп жазылған хабарламада.