Ирандық шахматшы блицтен әлем чемпионатына Иран билігі киюді талап ететін орамалды тақпай қатысты. Бұл туралы «Голос Америки» басылымы жазды.
Халықаралық шахмат федерациясы Алматыда өткен жарыстардағы ойыншылардың фотосуреттерін, соның ішінде Сара Хадемнің шахмат тақтасын қарап, шашы иығына түсіп тұрған суретін жариялады.
Хадем — жарысқа қатысатын жалғыз ирандық әйел.
Ирандық әйелдер соңғы айларда хиджабтарын шешіп, Иран билігіне наразылықтарын білдіріп жүр. Наразылықтар қыркүйекте 22 жастағы Махса Амини Ұлттық киім кодын бұзғаны үшін түрмеге түсіп, ұрып-соғудан қайтыс болғаннан кейін өрши түсті. Наразылық кезінде Иран билігінің ресми мәліметтері бойынша 300-ден астам адам қаза тапты.