Иранда қарсылық акциясы қайта тұтанды

Иранның Тегеран, Исфахан, Мешхед, Решт, Махабад, Шахрекурд, Шираз бен Тебриз сияқты қалаларында қарсылық акциясы өтті.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларға қарағанда Ислам Республикасының Исфахан қаласында шеруге шыққандар

Әйелдер, өмір, азаттық!

деп ұрандатқан.

Тегеранда қарсылық танытқандар Саттархан көшесін жауып тастады.

Тегеран университетінің студенттері акцияға қатысқан студенттердің қамауға алынғанын және олардың кейбірі сабаққа жіберілмей жатқанын айтқан.

Солтүстік Хорасан провинциясындағы Медициналық ғылымдар университеті мен Тебриз өнер университетінің студенттері жаппай шеруге шықты.

Естеріңізге саламыз, Иранда 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін жаппай шеру басталған болатын.

Норвегияда орналасқан «Адам құқықтары жөніндегі Иран ұйымы» қақтығыстар басталғаннан бері 200-ден астам адам қаза тапқанын хабарлады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago