Иранның батыс Әзербайжан провинциясындағы сот екі ЛГБТ белсендісін шариғат заңы бойынша «Жер бетінде азғындықтың таралуына ықпал етті» деген айыппен өлім жазасына кесті. Бұл Иран тарихында әйелдің дәстүрлі емес жыныстық көзқарасына байланысты шығарылған алғашқы өлім жазасы, дейді құқық қорғаушылар. Бұл туралы Би-би-си жазды.
31 жастағы Зара Седигхи Хамедани мен 24 жастағы Ильхам Чубдарға қатысты үкім туралы Hengaw күрд құқық қорғау ұйымы хабарлады. Ұйым халықаралық қауымдастықты Иранға қысым көрсету арқылы үкімнің күшін жоюға шақырады.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, әйелдерге Умбрия түрмесінде үкім шығарылды.
Иранның Сот билігі ресми мәлімдемеде үкім шығарылғанын растады.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, әйелдерді, сондай-ақ, христиан дінінің таралуы және оппозициялық БАҚ-пен байланысы үшін айыптады.
Екі белсендінің ісіне ұқсас сол қаладан тағы 52 жастағы Сохелия Ашрафи ұсталды. Оған әлі үкім шыққан жоқ.
«Сара» («Sarah») деген атпен танымал Зара Седигхи Хамедани, Иранның танымал ЛГБТ белсендісі.
Ол қазан айында Ираннан Түркияға қашып бара жатқан кезінде ұсталды. Бұған дейін ол өзі тұрған Ирак Күрдістанынан Отанына оралған болатын. Ұсталғаннан кейін оны екі айға жуық жалғыз камерада ұстады.
ЛГБТ 6Rang неміс құқық қорғау тобының үйлестірушісі Шади Амин Франс пресс агенттігімен әңгіме барысында үкім шығарылғанын растады. Ұйым қыздар туралы өткен бейсенбіде білген, бірақ БАҚ-қа хабар тарату үшін қыздардың туыстарының рұқсатын күткен.
Енді біз Германия үкіметінен және басқа елдердің үкіметтерінен Иранға қысым жасауды талап етеміз,
деді ол Франс пресс агенттігіне.
Аминнің айтуынша, бұл Иран тарихындағы лесбияндарға шығарылған алғашқы үкім.
Amnesty International ұйымы қаңтарда Хамеданиге қатысты іс оның әлеуметтік желілердегі ЛГБТ адамдарының құқықтарын қорғауға және былтыр мамырда шыққан Би-би-си деректі фильмінде Ирактың Күрдістанындағы ЛГБТ қауымдастығындағы адамдардың құқықтарының бұзылуы туралы түсіріліммен байланысты деп мәлімдеді.
Олар Хамеданиді Иракта қудалай бастады, содан кейін ол Түркияға өту үшін Иранға қашып кетті.
Hengaw құқық қорғаушыларының айтуынша, Хамедани ұсталғаннан кейін оған адвокат жалдауға рұқсат бермеген, қорлаған және екі баласын қамқорлықтан айырамыз деп қорқытқан.
Ирактан кетпес бұрын, белсенді 6 Rang-қа бірнеше бейне хабарлама жіберген. Хамедини егер оған бірдеңе болса, құқық қорғаушылардан осы бейнебаяндарды жариялауды сұраған.
Біз, ЛГБТ қауымдастығы, азап шегіп жатырмыз. Бірақ бостандық немесе өлім арқылы біз өзімізге адал болып қаламыз,
дейді ол бейнежазбалардың бірінде.
Адам құқықтары жөніндегі топтар соңғы уақытта Иранда өлім жазасы жиілеп кетті дейді: шілденің соңғы аптасында 32 адам, оның ішінде үш әйел өлім жазасына кесілген.