Иранда үшінші күн қатарынан наразылықтар жалғасып жатыр

Күн сайын мыңдаған адам жергілікті тұрғынның өліміне наразылық білдіріп, көшеге шығып жатыр.

Иран тұрғындары үшінші күн қатарынан бүкіл ел бойынша көшеге шығып, хиджабты дұрыс кимегені әдет-ғұрып полициясымен ұсталған 22 жастағы Махса Аминидің өліміне наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды DW. Тегеранда қызды аяусыз ұрып-соқты деген тәртіп сақшыларының әрекеттеріне наразылық күшейіп келеді.

Интернетте қайтыс болған Аминиге тілектестік білдіру мақсатында танымал ирандық әйелдер шаштарын кесіп, фотосуреттер мен бейнероликтер жариялауда. Иранның күрд аймағындағы демонстрациялар кезінде қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерге оқ жаудырғаннан кейін бес адам қаза тапқаны хабарланған.

Тегеран мен елдің күрд аудандарындағы интернет жұмысында іркілістер пайда болып, астанасында полиция халықты таратып жатыр деген хабарлар бар. Британдық NetBlocks бақылау тобы «Иранның батысындағы Күрдістан провинциясының астанасы Санандаждағы интернет байланысының толықтай шектелгенін» растады.

Hengaw халықаралық құқық қорғау тобы күрдтердің Дивандарр қаласындағы наразылықтар кезінде екі адам қаза тапты деп мәлімдеді. Иран шенеуніктері адам өлімі туралы хабарларды жалған деп, тек қамауға алынғандар бар деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, Махса Аминидің өлімі Ираннан тыс жерлерде де наразылықтарға себеп болды. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан және Иран бойынша арнайы өкіл Роберт Малли түсініктеме берді.

Махса Аминиді Иранның әдет-ғұрып полициясы 13 қыркүйекте әйелдердің бас киім кию талабын бұзғаны үшін қамауға алды.

Қамауда болған кезде Амини есін жоғалтқан, ауруханаға жеткізілгеннен кейін оның жан тапсырғаны анықталды. Полиция Аминиге қатысты зомбылық әрекеттері болмағанын, инфаркттан қайтыс болғанын айтады. Бірақ оның отбасы Аминидің ешқандай аурумен ауырмағанын, қамауға алынғанға дейін сау болғанын айтады.

Наразылықтар 17 қыркүйекте Аминидің жерлеу рәсімінен кейін басталды. Наразылық білдірушілер терезелерді сындырып, қоқыс жәшіктерін өртей бастаған. Полиция бірнеше адамды қамауға алып, халықты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

22 жастағы марқұм Махса Амини әйелдер құқығын қорғаумен айналысқан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago