2000 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан «101» тобының мүшесі Иван Бреусов топтан кететінін мәлімдеді. Әнші бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Айтуынша, бұған оның денсаулық мәселесі себеп болған. Бреусовтың дауысы отыра бастаған көрінеді.
Бірінші кезекте, топта келіспеушілік, жанжал және т.б. кикілжің болмағанын айтып өткім келеді. Таразының бір жағында мен әлі шығармаған музыка мен екінші жағында менің дауысымның саулығы тұр. Жігіттермен тірі дыбыста көп ән айтамыз, әрдайым өзімді формада ұстап жүру қиындап кетті. Бар күшімді топқа жұмсап, онсыз да отырып қалған дауысымды әрі қарай отырғызу немесе көптеген адамды әлі де қуантатын жақсы әндер мен әуендер шығару деген таңдау тұрды,
деп жазды Бреусов.
Сөйтіп, топ мүшелерімен ақылдаса келе Иван Бреусов топпен қош айтысуды таңдаған. Бұдан кейін әнші әріптестеріне зор алғысын білдірді.
«101» тобына алғысым шексіз, музыка үшін, достық үшін, ауызбіршілік пен кәсібилік үшін. «101» арқасында мен осы деңгейге жеттім. Біз ешқашан өзектілігі жоғалмайтын әндер жазуға тырыстық, сондықтан жігіттерді әлі де қолдай бересіздер деп үміттенемін. Ал мен жаңа әуендермен өзімнің ғана емес, сіздердің де үміттеріңізді ақтауға тырысамын,
деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, кейінгі жылдары «101» тобының құрамында Иван Бреусов, Ербол Жайляуов, Станислав Ли өнер көрсететін.