Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінде Израиль аумағындағы азаматтар үшін шұғыл байланыс жедел желісі ашылды.
Екі күн ішінде отандастарымыздан 500-ден астам қоңыраулар мен сұраулар түсіп, оларға жауап берілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның Израильдегі елшілігіндегі консулдық есепте 77 азамат тіркелген. Олардың қатарында елшілік қызметкерлері мен отбасы бар.
Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 5 студент оқиды. Сондай-ақ 30-ға жуық азамат жергілікті түрлі медициналық мекемелерде тағылымдамадан өтуде. Бәрі — 112 адам.
Еске сала кетейік, өңірдегі қарулы қақтығыс 7 қазанда ХАМАС қозғалысының Израиль аумағын зымыран атқылауынан соң басталды.