Иә, біздің ұжымдық санамыз әлі де орта ғасырда.
Белгілі невропатолог-психотерапевт Жібек Жолдасова кейбір салт-дәстүрлер туралы өз пікірімен бөлісті.
Сөзбе-сөз:
«Қазақта сөз бар, әйел біреуге жейтін нәрсе берсе, оны өзінің жеуіне болмайды – жеме, қыз табасың! Иә, дәл солай! Саған жеуге болмайды, әйтпесе қыз туасың деп ашық айтады. Бұл туатын жастағы әйелдерге ғана емес, тіпті кішкентай қыздарға да айтылады, ертең олар өседі, сосын құрсын, қыз туып тұрмасын дегендей. Және бұл әлі күнге дейін бар! Қазір 21-ші ғасыр! Сонда қыз туған ұят және жаман екен. Қыз жаман да, ұл деген жақсы.
Бір шарада мен шалбар мен қысқа жеңді киіммен келуге болмайды дегенді естідім. Бұл да – күнә екен. Және
әйел адамға еркектің көзі түссе, бұл да ауыр күнә екен
Қанша еркек бұрылып қараса, әйелге сонша күнә артылады екен. Әй, адамдар-ау, логика қайда? Әйелге қарап, түрлі ойға берілетін ер адам да, бірақ бұған жай ғана өтіп бара жатқан әйел кінәлі ме? Байғұс әйел тіпті еркектің сексуалды ойларына да кінәлі. Сексуалды болмаса да, қызығуына, жымысқы ойларына кінәлі.
Яғни, еркектің қылығына әйелді кінәлаймыз.
Сондай-ақ еркектерді молдаға жақынырақ, ал әйелдерді молдадан алыс, абыройы төмен жерге отырғызуы да қынжылтады.
Әлеуметтік желідегі қаптаған видеолардан көретініміздей, ер адамдар әйелді ұрып-соғуға себеп тапқыш
Әйелдер басыңды қатырып, миыңды жейді, қаныңды әбден ішті, оған үнемі бірдеңе қажет. Әй, онда сен неге үйлендің оған?
Жалпы, біздің ұжымдық санамыз әлі де орта ғасырда».