Қазақстан теннисшісі Юлия Путницева Торонтодағы (Канада) WTA турнирінде ширек финалға шықты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Спортшы 1/8 финалда әлемнің 35-ракеткасы америкалық Элисон Рискті екі сетте де жеңді. Есеп — 6:3, 7:5.
Кездесу 1 сағат 37 минутқа созылды. Ойында біздің спортшымыз екі қосарлы қате жіберіп, бірде-бір эйс жасамады. Ал Элисон Риск үш қосарлы қате жіберді, екі допты дәл орындады.
Қазақстан спортшысы жартылай финалға шығу үшін тағы бір америкалық теннисші, әлемнің жетінші ракеткасы Джессика Пегуламен ойнайды. Матч 13 тамызда өтеді.
Айта кетейік, теннисшіміз — әлемнің 46-ракеткасы.
Еске салайық, Юлия Путинцева бірінші айналымда канадалық Кэтрин Себовтан басым түсті. Содан кейін әлемнің үшінші ракеткасы испаниялық Паула Бадосаны сенсациялық түрде жеңді.