Мемлекет басшысы Юрий Ильинді Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды,
делінген хабарламада.
Абай облысындағы алапат өртке байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеген еді. Бұрынғы министр тек Президент айтқан соң орнынан қозғалған. Қазір алапат өрт Абай облысындағы қылқан жапырақты ормандардың басым бөлігін шарпып, ауыздықтауға ырық бермей, күшейіп алды.