Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Jusan Bank-тен ақшамызды шешіп алайық па?
Экономика

Jusan Bank-тен ақшамызды шешіп алайық па?

Фариза Сагындыкова
Фариза Сагындыкова 20.02.2023
Обновлено 20.02.2023 в 04:02
Поделиться
Поделиться

Белгілі қаржыгер Расул Рысмамбетов Jusan Bank айналасындағы дау-дамайға қатысты пікір білдірді. Бас прокуратура Назарбаев Университетінің талап-арызы негізінде банктен қаражатты қайтаруды сұраған еді.

Мазмұны
Жағдай бақылауда ма?Генералдың сөзі – оқ

Өзінің Facebook желісіндегі парақшасында сарапшы Jusan-нан ақшаны шешіп алуға қатысты өз ойымен бөлісті.

Жағдай бақылауда ма?

Бастапқыда ақшаны «Жусанда» қалдыруға болады. Банк ҚДКҚ кепілдігімен қорғалған. Егер миллиардтаған ақшаларыңыз болса, ондай ақшаны депозитте сақтамай, инвестициялаған дұрыс. Өкінішке орай, теңгені – жинақтау және байлықты арттыру валютасы деп айта алмаймыз. Соған қарамастан, нарықтан немесе бас прокуратурадан тікелей қауіп төніп тұрған жоқ. ҚНРДА банктің өтімділік талаптарын сақтауын мұқият қадағалайды.

Теңге проблемасы – біздің экономиканың, инфляцияның және қазіргі әлемдік жағдайдың проблемасы. Бас прокуратура атаған проблемалар «Жусанға» және оның қазіргі акционерлері – FHS-қа (first heartland securities, алайда бірінші F әрпін көргенде ойға бірден ағылшынның жаман сөзі келеді екен) қатысты емес.

«Жусан банктен» шығып америкалық трасттарда қалып қойған ақшаның банктің қазіргі өтімділігіне қатысы жоқ. Банкте ақша бар.

Генералдың сөзі – оқ

Мен Бас прокуратура мен ҚНРДА-не мұндай «SMS-шабуылдар» туралы алдын-ала келісіп алуды ұсынар едім,  әйтпесе сөздердің дәлсіздігі мен мәселенің екіұштылығы кез-келген адамға зиянын тигізуі мүмкін.

Бұл жағдайға қатысты менің білуімше (ал мен жазғанымнан сәл көбірек білемін), қазір азаматтық-құқықтық сипаттағы үйреншікті процесс жүріп жатыр. Бір қызығы, ақшаны америкалық трастқа аударған кезде оны Қазақстанның заң жүйесінің заңдылығы мен сенімділігіне жауапты адамдар жасаған. Өздерінің құрған жүйелеріне қарағанда, тәуекелге бармай, ақшаны шешіп алуды жөн  көрген секілді. Бірақ «Жусанның» жағдайы жаман емес. Әрине, стратегиясы мен менеджментіне қатысты сауалдар бар, аса ірі корпоративтік «Халық банкі» мен жетекші бөлшек банк «Каспи» бар жүйеде өз банкіне қолданыс табу оңай іс емес.

Негізінде, «Жусан» холдингінің қаражаты Назарбаев университетін қаржыландыруға да арналған. Біз айтарлықтай элиталық, ТМД-да теңдесі жоқ университет құрдық деп ойлаймын. Менің ойымша, оны жауып тастаудың өзі біртүрлі болады. Ал Назарбаев мектептері – Қазақстандағы көптеген мектептерге үлгі болып табылады, әрбір оқушы сондай мектепте білім алуға лайықты. Әрине, білім сапасын сақтай отырып, олардың құнын оңтайландырған дұрыс болар еді.

Сол себепті – банктерге «шабуылдаудың» қажеті жоқ. Жаңарып келе жатқан Қазақстанның мемлекеттік органдарын сөздерді талғап сөйлеуге шақырамын. Бір генерал кетті, екіншісі келді – ал банктер ғасырлар бойы жұмыстарын жалғастыруға құқылы. Сондықтан тым болмағанда оңжылдықтар шеңберінде ойланайық».

Депутат Ирина Смирнова да бұған сенімді — «талап-арыз Jusan Bank-тің жұмысына тікелей қатысты емес және оның қазіргі кәсіпкерлік қызметін, сонымен қатар банктің өз клиенттерімен және серіктестерімен қарым-қатынасын еш шектемейді» дейді. Дегенмен…әліптің артын бағайық.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы, Экономика
Фариза Сагындыкова 20.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?