Өндірістік нысандарда экологиялық бұзушылықтар анықталған. Құбыр қызметі 30 күнге шегерілді
КҚК Ресейдің құқықтық алаңы аясында жұмыс істейді және сот шешімін орындауға мәжбүр. Шешім заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес шағымдалады,
делінген компания хабарламасында.
КҚК-Қазақстаннан экспортқа мұнай тасымалдаудың негізгі бағыты. Құбырдан алынған шикізат Новороссийск маңындағы теңіз терминалы арқылы танкерлерге жіберіледі. 2021 жылы мұнай 60,7 млн тоннаны құрады (Қазақстаннан 53 млн тонна). Негізгі акционерлер: Ресей (31%), Қазақстан (20,75%), Chevron (15%), ЛУКОЙЛ (12,5%), Exxon (7,5%), Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited (7,5%).
Премьер-министр Әлихан Смайылов осы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді. Кеңесте қазақстандық мұнай экспортының уақытша тоқтауынан қандай мәселе туындауы мүмкін екені талқыланып, бюджеттің шығындарын азайту сөз болды. Үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырмалар берді.
Айта кетейік, КҚК арқылы мұнай экспорты 5 шілдеден бастап 30 тәулікке тоқтатылды.