Көкшетауда емиханнан үш алған студент өзіне қол салды

Көкшетауда әне-міне диплом алып, мұғалім болуды армандап жүрген колледж оқушысы өзіне қол салды. Мұғалімдердің әділетсіздігінен осындай қадамға бардым деп хат қалдырып кетіпті, деп хабарлайды Globalnews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жақсы оқуға тырысқанын айтқан Аяулым білімінің лайықты бағаланбағанына күйінген. Ал колледждегілер төмен бағаның бұлай қайғылы жағдайға ұласатынын әлбетте, күтпеген. Олар ағылшын тілінен емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік бердік деп отыр. 

Артында аңырап қалған ата-анасы мен туған-туысы Аяулымның мұндай әрекетке барғанына сене алар емес. Ағасының 16 жыл күткен сәбиінің тойында ән айтуға әзірленіп, көйлегін де дайындап қойыпты. Анасы емтиханға кеткен қызы хабарласып, үш алғанын айтып жылағанда бірер сағаттан кейін мәңгі айырылып қаламын деп ойламаған. Аяулым сол күні қала іргесіндегі үйіне келіп, қорада жас өмірін қия салған.

Марқұмның туыстары 18 жастағы қыздың өліміне колледж ұстаздарын кінәлап отыр. Бұған себеп – Аяулымның соңғы  хаты. Онда марқұм ата-анасының үмітін ақтай алмағанын, ұстаздары білімін әділ бағаламағанын жазыпты. Төрт жыл білім алған педагогика  колледждегілерге де бұл жәйт төбесінен жай түскендей әсер берген. 

Емтихан белгіленген уақытында өтті. Олар жауаптарын электронды түрде жібереді. 12 емес, 8 балл алды. Иә, 3 алғанына ренжіді. Бірақ қайта тапсыруға келістік. Қайта тапсыруға келгенде тақырып сол, бірақ тест басқа екенін көріп бас тартты. Ал костюмін шешкісі келмеді, ішінде майка ғана екен. Оған жарайды дедім,

дейді колледж оқытушысы Динара Жүсіпова.

Аяулым үш алғаны үшін өзіне қол салатынын қасындағы құрбылары да сезбеген. Ағылшын тілін жетік меңгеріп, шетелде жұмыс істеймін деген асқақ арманы болыпты. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Өлімге итермелеу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қайғылы жағдай Красный яр кентінде болған. 18 жастағы қыз өзіне қол салған. Барлық жағдай жанжақты тергеліп жатыр,

деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкіл Әсем Әбдірахманова.

Бойжеткеннің өліміне ұстазы қойған үштік баға себеп пе, әлде басқа жағдай әсер етті ме, оны полиция анықтайды. Ал үш қызының бірінен қапыда айырылып қалып, қайғыдан қан жұтқан ата-ана қалайда кінәліні іздеп табамыз деп отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago