Солтүстік Қазақстан облысының аудан орталығында жас көшеттер өспей қалды.
Биыл көктемде Мамлютка қаласында 620 түп тал-терек және қарағай егілген. Бірақ жас өскін жаппай қурап, сол күйі бүршік жармады, деп хабарлайды деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі Айдарбек Айтмұхамбетұлы.
Биыл Мамлютка қаласының кіре берісіне отырғызылған көшеттердің бір де біреуі көктеп шыққан жоқ. Күннің астында қурап тұр.
Жергілікті билік өкілдерінің қаланы көгалдандырамыз деген ойы осылайша іске аспай қалды.
Көктемде егілген жас көшеттер қадалған күйі көзге күйік болып тұр.
Құжатта көрсетілгендей ағаштың биіктігі 2 метрден кем болмауы тиіс. Бірақ кейбір көшеттер тізеден ғана келеді. Қала тұрғындары биылғы абаттандыру жобалары ойдан шықпады дейді.
Биыл Мамлютка қаласын жасыл желекпен көмкеруге 6 млн теңге бөлінді. Енді шенеуніктер бар кінәні мердігер ұйымнан көріп отыр. Олардың айтуынша, жас көшеттер күтімсіз қалған.
Амир Бектеміров, Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары:
— Техникалық сипаттамаға сәйкес ағаштар күн сайын суарылуы тиіс еді. Кепілдік мерзімі – 3 жыл. Бірақ бірде-бір міндеттеме орындалмады. Сондықтан сотқа жүгіндік. Әзірге мердігер ұйымға бірде-бір теңге төленген жоқ. Ал тараптар соттасып болғанша қала көшелері қурап қалған көшеттермен тұра бермек.