Categories: Денсаулық

Көктемде қозатын аурулар

Көктем келісімен кейбір аурулардың қозып, бас көтеретіні бар. Бұл қыс бойына қажетті қордың азайып, ағзаның әлсіреуінен туындайды. Сондай-ақ температуралардың және атмосфералық қысымның қайта-қайта өзгеруі ағзада күйзеліс тудырады.

Тұмау вирусы. Әлсiздiк, жөтелу, дене қызуының көтерiлуi – бұл аурудың белгiлерi. Аталмыш вирус пневмония және басқа да бактериялы инфекцияларды туғызуымен қауiптi. Сондықтан қолды жиi жуып тұру керек. Сұйық асты көп iшiп, дұрыс әрi уақтылы тамақтану қажет.

Аденовирус. Бұл ағзаға тыныс алу жолдары және тамақ арқылы енедi. Ауырған жағдайда науқас құсып, iшi өтедi. Тұмау тиiп, кейде көздiң қабынуы да байқалады. Бұдан сақтанудың басты жолы – қолдың тазалығы.

Риновирус. Бұл вирус ылғалды ұнататындықтан көбiнесе мұрынның iшiне «қоныс тебедi». Риновирус ауызға микроб түсуi арқылы енедi. Егер адамның иммунитетi төмен болса, риновирус асқынуға бейiм. Өкiнiшке қарай, бұл вирусқа қарсы екпе жоқ. Сондықтан оның алдын алудың төте жолы – жеке гигиенаны сақтау.

Терi бөртпелерi. Көктемде терiдегi безеулер мен бөртпелер тек жеткiншектерге ғана емес, 20-40 жас аралығындағы әйелдерге де шығады. Оған май бездерi белсендiлiгiнiң төмендiгi себеп болуы мүмкiн. Егер адамның иммунитетi мықты болса, түрлi бөртпелерге қарсы күресуге қауқарлы.

Теріскен. Иммунитеттің төмендеуін аз уақыттың ішінде пайда болып, тез бас көтеретін инфекциялық ауру. Күйзелгенде, ағзадағы дәрумендер жетіспеушілігінде, қаназдықта, ішек құрттарында да көзге теріскен шығады. Түймедақ, алоэ шырыны, қара шай тұнбасы, арнайы жақпамайлармен теріскенді сүртіп ем-дом жасайды. Аурумен күрес – сыртқы жақпамайлармен шектелмеуі тиіс. Иммунитетті көтеруде дәрумендерге бай азық-түлікті көбірек ішіп-жеген пайдалы. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек, көк шөптерді көбірек тұтынуға тырысыңыз.

Артрит және артроз. Бұған себеп болатын жағдайлар өте көп. Көктем айларында калий, кальций, магнийдің ағзадағы жетімсіздігі сіңірдің тартылуына алып келеді. Ауруды алдын алудың бірден-бір жолы – үй жағдайында қарапайым ғана дәрі жасау. Кептірілген өрік, мейіз, жаңғақта аталған элементтер қоры өте мол. Соларды тұтыну қажет. Емдік дәрі дегеніміз де осы. Бұл сіңірдің тартылуына ғана емес, көктемде асқынатын көптеген ауруларға шипа болады.

Егде жастағы адамның тізе буындары қақсап, күні бойы мазасыз күй кешеді. Сондықтан ақ халаттылар буындарында кінәраты бар науқастарға көктемде ағарғанды ішуге кеңес береді. Айран-сүтте сүйекке қажетті элементтердің барлығы кездеседі. Грек жаңғағында артроз кеселдің алдын алуға күші жететін темір, кальций, фосфорды табуға болады. Ал, саңырауқұлақ құрамында кальцийдің сіңімділігін жылдамдататын Д дәрумені бар.

Күйзелiс. Жыл мезгiлдерi алмасқан уақытта адамдар күйзелiске жиi ұшырайды. Неге? Түннiң қысқарып, күннiң ұзаруы себебiнен адамның биологиялық «сағаттары» да өзгерiске түседi. Күйзелiс себебiнен адам ағзасы әлсiреп, ешнәрсеге көңiлi толмай, еңбектенгiсi келмейдi. Мұндай жағдайға ұшырамас үшiн уақтылы ұйықтап, дене шынықтырумен айналысқан пайдалы.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago