Қазақстанда тағы да бензин қымбаттауы мүмкін. Құжат қазір ашық талқылауда.
Автокөлік иелері жыл сайын мемлекет бюджетіне 80 млрд теңге салық төлейді. Ұлттық экономика министрлігінің есебі бойынша осы қаржыны бензин бағасынан алып шығу үшін жанармайды 14 теңгеге қымбаттату керек. Бұл туралы Қаржылық сауат арнасы жазды.
Бізде 3 млн 900 мың жеңіл автокөлік бар. Оның жеті пайызының ғана қозғалтқыш көлемі 4 литрден асады.
Есептесек, олардың жыл сайынғы салығы керіcінше арзандап қалайын деп тұр. Олардың міндетті төлемін шағын көліктерге ауыстыру дұрыс емес қой. Сондықтан олар қымбат бензин тұтынып қана қоймай, дәстүрлі салық та төлейді. Бірақ бұрынғыдай емес арзандатылады,
ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин.
Ал шағын көліктер үшін міндетті төлем қалай өзгереді?
Қозғалтқыш көлемі 1,6 автокөлік 1 жылдың ішінде шамамен 30 мың шақырым жол жүреді. 100 шақырымға 9 литр бензин тұтынады деп есептесек, бір жылдың ішінде 2 тонна 700 литр жанармай керек. АИ-92 нің қазіргі бағасы литріне – 205 теңге. Яғни бұл көлік иесі 553 500 теңгеге бензин құяды.
Ал 14 теңгеге қымбаттап, литрі 219 теңгеден сатылса – 591 300 теңгеге жетеді. Яғни, ол бір жылда 37 800 теңге салық төлейді. Ал, қазіргі салық кодексіне сәйкес, қозғалтқыш көлемі 1,6 литр көлік иелері 11 050 теңге салық төлеп келеді.
Яғни, бұл есеппен шағын көлік иелері салықтан босатылып, жанармай қымбаттаса жүргізушілер ақшасын үнемдемейді.