Мемлекетке 3450 теңге қарыз болып қалған жүргізушілер де санкцияға тап болуы мүмкін
Мемлекеттік кірістер комитеті
салық төлемеген азаматтардың жалпы қарызы 27.9 млрд теңгеге жеткенін хабарлады.
26 мамырдан бастап 1 АЕК-тен (3450 теңге) аса берешегі бар борышкерлердің тізімі сот орындаушыларға жолданады.
- Заңнамаға сәйкес олар банк шоты мен мүлікті бұғаттауға құқылы.
- Тұрғынның қарызы 40 АЕК, яғни 138 мыңнан асса, елден шығуына тыйым салады.
Салықшылар ақшаны мәжбүрлі өндіргенде «ұмытшақ» көлік иелері жеке сот орындаушыға қызметі үшін жалпы қарыздың 25%-ын беретінін атап өтті.
Мемлекет алдында қарызыңыз бар-жоғын e-Salyq Azamat қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы білуге болады.