Кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспортқа төленетін мемлекеттік баж сомасы төмендетіледі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Сергей Карплюк хабарлады.
Халықтың көші-қоны бөлігінде тиісті нормалар қамтылып отыр. Осы орайда кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету ескерілген. Сонымен қатар берілген паспорт парақтарының санына қарай мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемесі (16 жасқа дейінгі балаларға берілетін 22 беттен тұратын паспорт – 4 АЕК немесе 13 800 теңге, 36 бет – 8 АЕК, 48 бет – 12 АЕК) енгізіледі,
деді Сергей Карплюк.