Отандық әнші Кәмшат Жолдыбаева неге стилін өзгерткені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Nur.kz.
Жанкүйерлер Камшаттың соңғы кездері жабық киіне бастағанын байқаған. Көпшілік әншінің стилі жігітпен кездесе бастағаннан кейін өзгерді деп болжады. Алайда әртістің айтуынша, бұған оның ішкі жай-күйі әсер еткен.

Кәмшаттың оқырмандары сондай-ақ оның алдағы жоспары мен ұстанымдары туралы сұрады.
Түсінгенім, қатып қалған ұстаным жоқ екен, уақыт өткен сайын жаңа бір түсінік, жаңа көзқарас келеді… Қазіргі таңда өмірімдегі көп нәрсе маңыздылығы жағынан орындарымен ауысты десем, артық айтпаймын… Жоспарыма келетін болсақ, болар істен гөрі, болған іспен бөлісу — менің өзгермей қалған ұстанымдарымның бірі,
деді Кәмшат Жолдыбаева.
