Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ресми мәлімет бойынша, тергеу соты Мәсімов пен Садықұловты қамауға алу мерзімін 2022 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзартты.
Тергеу соты Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловтың қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 13 желтоқсанына дейін, ал екінші бұрынғы орынбасары Марат Осиповтың қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 22 желтоқсанына дейін ұзартты,
деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
6 қаңтарда ҰҚК сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов және басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.
Алдында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов ҰҚК-нің бұрынғы басшысы 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жеткізген еді.