Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр
24.09.2023
Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді
24.09.2023
Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды
22.09.2023
Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
22.09.2023
Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған
22.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Күркетауық бағып, Гелендваген мінген жігіт
Қоғам

Күркетауық бағып, Гелендваген мінген жігіт

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 21.04.2023
Обновлено 21.04.2023 в 12:04
Поделиться
Фото: turkystan.kz
Поделиться

Бақыт Кенжебаев күркетауықтың етін жегені болмаса, оны бағудың не екенін білмеген. Қалада өз орнын таппай, ақыры ауылына келіп, жолы ашылған жігіттің еңбекқорлығы көпшілікке үлгі болады деген ниетпен жазуды жөн көрдік.

Ауылдың жастары қалаға қашады. Ал ауылда да ақшаның көзін табуға болады екен. Көбіне таңсық көрінетін іске елімізде ден қойғандар аз. Ауылдың баласы күркетауық бағып жүргеніне он жылдан аса уақыт болыпты, деп жазады Turkystan.kz.

Кейіпкеріміз Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы №44 мектепті тоғызыншы сыныпқа дейіп оқып, кейін колледжде автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша білім алған. Оқуды үздік бітіргенмен, мамандығы бойынша жұмысқа орналасудың реті келмепті. Сөйтіп, ойлана келе, ауылға оралып, кәсіп бастауға бел буады.

Ата-анасы кішкентайынан еңбекке баулығанын еске алады.

Әке-шешеме көмектесейін әрі жеке кәсіп бастайын деп ойладым. Бұрын күркетауықтың етін жегеніміз болмаса, бағуды білмейтінмін. Содан әке-шешеме қой емес, күркетауық баққым келетінін айттым. Сөйтіп, бірден алтауын сатып алып, кәсібімді бастап кеттім.

Ертеден мал ұстаған жігіттің жақындарына бұл іс таңсық көрінеді. Сондықтан оған «Баланың тірлігін жасама, одан да қой, жылқы бақ» деп кеңес бергендер аз болмапты. Бірақ алған бетінен қайтпайтын Бақытты ешкім райынан қайтара алмаған.

Егер 10 күркетауық бағып, сатсам, 50 000 теңге түседі. Ал 200-ін бақсам, 1 миллион теңге табыс табамын. Оны 12 айға бөлгенде әр айға 83 мыңнан түседі. Бұл – қаладағы орташа айлықтың бірі. Ауылда жүріп, осындай қаржы тапсам, жаман емес деп ойладым. Мен кәсіп бастаған 2011 жылдары әлеуметтік желі қатты дамымаған, интернетте мәліметтер аса көп емес еді. Өз бетіммен тынбай әрекет ете бердім. Соның нәтижесі шығар, 19 жасымда 6 күркетауықтың санын 200-ге жеткізіп, алғашқы миллионымды таптым.

Осылайша, кәсіптің қыр-сырына қанығып, ауылда жүріп-ақ миллионер атанған бала мұнымен тоқтап қалмайды. Күркетауықтың санын мыңға дейін жеткізеді. Күркетауық өсіріп, оларды күтіп-баптау төзімділікті қажет етеді. Орташа есеппен бір күркетауық 15 балапан шығарып, тез көбейгенімен, табиғаты нәзік келеді. Әрқайсысына мейіріммен қарап, көңіл бөлмесеңіз, ауырып қалады. Біреуі ғана ауырмай, бәріне жұқтырады. Сонымен қатар тез жаурағыш келеді.

Ауа райы күрт бұзылған кезде тез арада шешім қабылдап, әрекет етпесеңіз, олар әп-сәтте қырылып қалуы мүмкін. Бақыт мың күркетауық баққан жылы біраз қиналғанын айтады. Айналадағы шөп пен шегірткенің бәрін жеп, жерде түк қалдырмаған соң күркетауықтарын алдына салып, күре жолдың арғы бетіндегі қырға көшкен.

200 күркетауық қырылып, қиналған күндерім болды. Талай ұйқысыз түндер өтті. Ондай сәтте көңілім құлазып, әрқайсысының жазылып кеткенін тілеп отырамын. Кәсіпті несие алып немесе кепілге зат қойып бастаған жоқпын. Дегенмен өз балаңдай мәпелеп өсірген оларды өлімге қимайды екенсің. Осы жағдайдан сабақ алдым. Мұндай кезде өзіңді қолға алып, сабыр сақтау керек.

Екі жүз күркетауықты өлтіріп алған соң, туыстары қалған сегіз жүзін сатып, басқа кәсіппен айналысуға кеңес береді. Осыдан кейін балапандарын аман-есен өсіріп, союға жараған соң сегіз жүзін біртіндеп сатып, 4 миллион теңге табыс табады. Оның 3,5 миллион теңгесіне Gelandewagen көлігін сатып алды. Ондағы ойы жастардың үйлену тойы алдындағы серуеніне көлікті жалға беріп, табыс табу еді. Алайда бұл жұмысы да көңіліне қонбай, қайтадан күркетауық бағуды қолға алған.

Бақыт қазір кәсібін қайта жандандырып, 300 құс өсіріп отыр. Басында базарға шығарып сатса, қазір үйінен аттап шықпайды. Себебі тұрақты тапсырыс берушілер өздері іздеп келетін болған. Жол бойында ары-бері ағылған көлік жүргізушілері де күркетауық бағып жүргенін көрген соң, тоқтап, сатып алады екен. Ол күркетауық етінің дәмін бір татқан адам міндетті түрде екінші рет келетінін айтады. Айтуынша, салмағы үлкейіп етке дайын болған қораздары 8 келіге дейін, ал мекиендері 6 келіге дейін ет береді екен.

Тауық сияқты бөлек емес, топталып жайылады. Етінің дәмділігі жоғары. Суды да көп талап етпейді. Күнделікті жеміне келетін болсақ, бидай, арпа жейді. Тамақтың құнарлысын жейді. Шөптің құнары дәнге келеді емес пе?

Қиындығы сол, балапан кезі. Бір айдай жетілдіру қиындық тудырады. Одан кейін оңай. Таңертең ерте 2-3 сағат жайылады. Түс уақытысында демалып, кешке тағы жайылады. Жалпы, күркетауық ақылды келеді, адамға тез үйренеді. Олар баласы үшін иттің аузына түседі. Жыртқыш баласын жейін деп тұрса, өзін құрбан етеді.

Кейіпкеріміздің енді тек күркетауықтың етінен түрлі тағам әзірлейтін дәмхана ашуды жоспарлап жүргенін айтады. Кәсіпкерлік саласындағы білімін үздіксіз жетілдіріп отыруды жөн көретін ол осы кәсіпті серік етемін деушілерге тегін ақыл-кеңес беруге әзір.

Ешкімді кінәламай, ерінбей еңбек етсең, жемісін міндетті түрде көресің. Ешкімге жал­тақтамай, өз кәсібіңмен айналысып, елге пайдаңды тигізе білсең – басты мақсат сол!

Сая Манарбековна 21.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр
  • Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді
  • Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды
  • Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
  • Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Қоғам

Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді

24.09.2023
Қоғам

Аналар мерекесі аталып өтті

22.09.2023
Қоғам

Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады

21.09.2023
Қоғам

Маңғыстауда 73 жастағы әже әлі күнге дейін зейнетақы ала алмай отыр

20.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?