Бір жыл бұрын Рудныйда 44 жастағы ер адам көршісінің пәтеріне барып, есік алдына баласын көтеріп шыққан 32 жастағы келіншекке керосин шашып, өртеп жіберген.
Өрттен 3 жасар бала қатты зардап шекті. Бүлдіршін жансақтау бөліміне жатқызылып, денесінің 40%-тен астамын күйік шалғаны анықталды. Ал анасының қолдары күйген.
Бұл оқиғаға көршілер арасындағы жанжал себеп болған.
Арада бір жыл өткен соң сот көршісі мен оның баласын өртеген Рудный тұрғынына қатысты шешім шығарды. Сот 44 жастағы ер адамның ақыл-есі дұрыс еместігін анықтап, оны қылмыстық жауапкершіліктен босату және мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды.