Феминист әрі заңгер Әйгерім Құсайынқызы және Feminita_kz ұйымы әйелдердің көшбасшылығы туралы ең үздік бес кітапты ұсынды.
1. Сұлулық мифі. Сұлулық бейнесі әйелге қалай қарсы қойылады. Наоми Вульф, 1990
«The Beauty Myth: How Images of Beauty Are Used Against Women» — американ жазушы әрі тілші Наоми Вульф жазған шығарма. Кітапта әйелдерге қатысты әдемілік туралы таптаурын қалай жасалып, сол таптаурындар әйел бостандығын шектейтінін әңгімелейді. Сырты сұлу болу — қоғам таққан талап. Талап қылған сұлулық стандартына сай келмейтін әйел қатты психологиялық қысымға түседі. Сұлулық стандарты үшін әйелдер мен қыздар өз денсаулығын, энергиясын, тіпті кейде өмірін сарп етіп жатады.
2. Өмір даосы. Көзі жеткен индивидуалистің мастер-классы. Ирина Хакамада, 2015
«Дао жизни» — осы заман шындығында бақыт іздеуге арналған. Кітаптан өмір сүруді қалай жеңілдетіп, одан рахат алуды үйретеді. Өз тәжірибесіне сүйене отырып, Ирина Хакамада өмірде кездесетін нәрселерге өзінің білгенін барынша бөліскен.
3. Ұлтқа қызмет ету: мемлекет басқарудың әлемдік 10 мысалы. Құттықадам С., 2017
Игі істерін дүниежүзі қауымдастығы мойындаған үздік реформатор-мемлекет басшы ерлер мен әйелдер жайлы әңгімеленеді.
4. Women & Power: A Manifesto. Mary Beard, 2018
Мәдени механизм әйел үнін өшіреді, жолын жабады, билікке жолатпайды. Белгілі тарихшы әрі профессор Мэри Бирд саясаттағы сексизм және оның түрлері туралы мәселе көтереді. Мәселенің шешімі әйелдер бүкіл әлем бойынша зардабын ғасырлар бойы шегіп келе жатқан теңсіздікті жеңуге көмектеседі. Автордың пікірінше, егер әйелге билік институтының есігі жабық болса, онда билік түсінігін өзгерту керек.