Ұлттық қауіпсіздік комитет трансұлттық қылмыстық топ әрекеті жолын кесті. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Трансұлттық қылмыстық топ Қазақстан және жақын шетел азаматтарынан құралған.
Олар 2019-2021 жылдары Ақмола облысы аумағында өкілетті органның арнайы рұқсатынсыз 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп және өткізіп отырған,
делінген хабарламада.
Қылмыстық топтың заңсыз әрекеті нәтижесінде мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам аса ірі көлемде залал келді.
Іс сотқа жолданды.