Мемлекет басшысы халыққа жодауында Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеп, қайта сайлануға тыйым салынатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет екендігіне тоқталды. Сондай-ақ биылғы күзде кезектен тыс сайлау өткізуді ұсынды.
Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын
Бұдан бөлек Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келіп, өз шешімін мәлім етті.
Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады.